2014 жылғы 26 желтоқсан, Астана қаласы
«Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А.Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
______________Т.ДҮЙСЕНОВА
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 бұйрығымен бекітілген
«Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) автокөлік құралдарын жөндеу – ақаулықтар мен олқылықтарды жою мақсатында қажеттілік бойынша жүзеге асырылатын автокөлік құралдарының техникалық жағдайының өзгерісі бойынша әрекеттер жиынтығы;
2) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;
3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
6) ұлттық біліктілік шеңбер і– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
14) сала – – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
5) БА - біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құраладырын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету.
7. Негізгі топ: көлік.
Кәсіби топ: көліктік инфрақұрылымды күту және жөндеу.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіп тізбесі:
жөндеу жөніндегі инженер - СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
кәсіби стандартына қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Жөндеу жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ
Кәсіп коды 2145
Кәсіп атауы Жөндеу жұмыстары жөніндегі инженер
СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5-6
БА бойынша біліктілік деңгейі 3-4
Кәсіби білім деңгейі СБШ бойынша 5 деңгей СБШ бойынша 6 деңгей
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім Жоғары білім. Бакалавриат, резидентура.
Кәсіп коды 1) Автокөлік құралына жөндеу жұмыстарын өткізу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету
1 еңбек функциясы
Автокөлік құралына жөндеу жұмыстарын өткізу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 5 (біліктілік разряды: 3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 6 (біліктілік разряды: 4)
Шеберлігі мен дағдылары:
1. Қосалқы бөлшектерды, жинақтаушы бұйымдарды, слесарлық және өзге де саймандарды сатып алуға өтінімдер құрастырып, олардың дұрыс қолдануын бақылау.
2. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жұмысшылар санын жоспарлап, жөндеу жұмыстарының кезектілігін бекіту.
3. Автокөлік құралдарының ақауларын анықтап, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізе білу.
4. Орындалған жұмыстар мен материалдар шығындарын есепке алуға арналған барлық қажетті құжаттарды толтырумен байланысты өндірістік жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау.
5. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жөндеу жұмыстарының жабдықтарын, құралдарды, бақылау-өлшеу аппараттарының жұмыс жағдайында ұстау бойынша жұмыс қабілеттілігін бақылау.
6. Автокөлік құралдырын қабылдау 1. Бекітілген жоспарға сәйкес автокөлік құралдарына техникалық байқау, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау.
2. Автокөлік құралдарын жаңарту, тізімнен шығару бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызмет көрсету бағдарламасының техникалық есебі.
3. Техникалық қызмет көрсетуге, техникалық байқауға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың, шығыс материалдарын (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары), сатып алу бөлігіндегі бір жылға арналған кәсіпорынның бюджетін құру дағдысы.
4. Автокөлік құралдарына алдын-ала қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу дағдылары (жөндеу-пайдалану шығындарының нормативі, қосалқы бөлшектердің қызмет ету мерзімі, ауыстырылмалы және тез тозатын бөлшектердің номенклатурасы, майлау материалдарының шығындалу
кезінде автокөлік құралдарына техникалық бақылауды, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейінгі автокөлік құралын тиеуді өткізе білу, автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қосымша жұмыстарды орындау туралы шешімдерді қабылдай білу.
7. Автокөлік құралдарын жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету бойынша актілер мен ақаулық ведомостарды құру және басқа қажетті құжаттарды құрастыру дағдысы
8. Автокөлік құралдарын пайдалану, күту және жөндеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге байланысты жұмыстарға қатысу дағдысы.
9. Келесі сұрақтар бойынша өнертапқыштық ұсыныстар енгізу және тарату:
- жөндеу жұмыстарының сапасын қарапайымдау және жеңілдету
- жөндеу жұмыстарына жаңа технологияларды енгізу
- жұмсалған еңбек пен жөндеу жұмыстарының бағасын төмендету
- автокөлік құралдарының қызмет ету мерзімін ұзарту.
10. Автокөлік құралдарын есепке алу мен төлқұжаттандыруды жүргізу, оларға жөндеу жүргізгеннен кейін өзгерістерді енгізу, жаңалау мен қалыпқа келтіру дағдысы.
11. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылармен барлық нүһұсқаулық түрін өткізу білу дағдысы, жұмысшылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету. нормасы мен лимиті).
5. Жұмысшалар арқылы технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғаудың, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормалар, мемлекеттік бақылау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың еңбекті қорғау, табиғатты қорғау және санитариялық талаптары.
6. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздіг, өндірістік нұсқаулық бойынша лауазымдық, өндірістік нұсқауларды әзірлеуге қатысу.
Білімі:
1. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік техникасын пайдалану қағидасы.
2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті көлік құралдардың қауіпсіздігі туралы техникалық Регламенті» (КО ТР 018/2011).
3. Металдардың, майлардың, жанармайдың, тежегіштік және суытқыш сұйықтықтардың, жуғыш құрамдардың атаулары, таңбалануы және қолданысы.
4. Агрегаттарды, түйіндерді және құралдарды жөндеу, жинақтау және сынау кезінде анықталған ақауларды анықтау әдістері мен жою тәсілдері.
5. Дәнекерлік және өзге де құралдармен және саймандармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидасы
6. Автокөліктің электр жабдықтары мен негізгі түйіндеріне және агрегаттарына техникалық қызмет көрсетудің жиілігі мен көлемі.
7. Автокөлік құралдарының электрлі және монтажды сызбалары.
8. Электротехникалық және оқшаулағыш материалдардың түрлері, олардың қасиеті мен қолданысы.
9. Металдардың негізгі қасиеттері.
10. Механизмдерді, түйіндерді, жабдықтарды жөндеуден кейінгі реттеуге, сынауға арналған техникалық шарттар.
11. Автокөлік құралдарының құрылысы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің әдістері мен тәсілдері, автокөлік құралдарының жабдықтары, электрониканың негіздері диагностикалаудың жабдықтары мен технологиялары.
12. Диагностикалық, бақылау-сынау жабдығының құрылысы мен қолданысы және олардың жұмысындағы ақауларды жою әдістері.
13. Өрт қауіпсіздігінің және техника қауіпсіздігінің қағидасы. 1. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік техникасын пайдалану қағидасы.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-5) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері және Қазақстан Республикасындағы көлік-саласының басқа да нормативтік-құқықтық базалары.
3. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті көлік құралдардың қауіпсіздігі туралы техникалық Регламенті» (КО ТР 018/2011).
4. Автомобиль көлігінің тиеу-түсіру механизімдерінің, жарықталуы мен жабдықталуының жіктелуі, негізгі сипаттамасы және техникалық өлшемдері.
5. Әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдардың және аспаптардың құрылысы.
6. Инженерлік графиканың, техникалық механиканың негіздері.
7. Электротехниканың, электрониканың, автоматиканың, гидравлика, пневматиканың және механиканың негіздері.
8. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөліміндегі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы.
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар Орындалатын жұмыстың сапасы.
Бір сарындағы жұмысқа төзімділігі.
Техникалық ойлау қабілеті.
Ойын жинақылау.
Жаңа технологияларды игеруге деген құштарлығы.
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы 2144
2145
2149 Пайдалану және жөндеу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инженер;
Көлік жөніндегі инженер;
Инженер-механик;
Техникалық қызмет көрсетуді ұзақ уақытқа жоспарлау жөніндегі инженер;
Техникалық қызмет көрсетуді қысқа уақытқа жоспарлау жөніндегі инженер
Кәсіби стандарттың техникалық деректері
Әзірленген «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Нұсқа номері мен шыққан жылы 1 нұсқа, 2014 жыл
Болжамды қайта қарау мерзімі 2017 жыл
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10384 болып енгізілді.